24 Қар 2020
Бүгінгі ұстаздар

Бүгінгі ұстаздар

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында өзі оқыған мектебінде еңбек етіп жүрген мектеп түлектері, бүгінгі ұстаздар: С.Тлеумұханова,Ж.Шалхарова,Ш. Измагамбетова ,Ф.Измагамбетова,Б.Досқалиева ,Қ. Тұрғанбаев, Б.Қуанова,Т. Қанатова ,М.Марданова ,Г. Хасанова ,М.Досанов. А.Тлеумұханова,Ж. Ермахашова , А.Жалелова ,С.Тұрғанбаева, Б.Сатыбалды,Б.Рахымғали.

1.      Тегі,  аты, әкесінің аты:   Қайржанова  Гүлжан  Құмарғалиқызы

 2.      Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: М.Өтемісов атындағы  орта мектебі, оқу ісінің меңгерушісі, Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектеп

3.      Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН): 660103401259

Жынысы: әйел

4.      Туған жылы және жерi: 03.01.1966 ж., Атырау қаласы

5.      Ұлты: қазақ

6.      Бiлiмi: Жоғары

7.      Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы: жоқ

8.      Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған:

9.     Мекен-жайы: Атырау қаласы, Ракуша ауылы ,Жақсыбаева №78 үй10. Жалпы жұмыс өтiлi:   30   жыл

10.   Саладағы жұмыс өтiлi:  30 жыл

11.  Қазіргі еңбек ұжымындағы еңбек өтiлi: 25  жыл

 

Гүлжан  Құмарғалиқызы  білімі  мен  біліктілігін , іс- тәжірбиесі мен талап  талғамын  шебер  ұйымдастыра  білген  іскер  басшы, жаңашыл  ұстаз .1991 жылдан бері осы мектепте бастауыш сыныпқа дәріс беріп, 2012 жылдан оқу ісінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Жаңа  технология мен оқыту әдістерін енгізу мақсатында мектепте әдістемелік семинар, конференциялар  өткізіп, әдістемелік жұмыстың сан алуан түлерінің қоры жинақталған. «Экология және қоршаған орта »  тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өткізді.

Оқушыларға сапалы білім мен үлгі тәрбие беру жолында табысты еңбек етіп келе жатқан ұстаз оқушылардың бастауыш пәніне қызығуышылығын арттыруда үлгілі сабақтар, математикалық танымдық кештер, сайыстарды «Десант сабақ» жоспарлы өткізеді. Қалалық семинарда үлгілі сабақтар өткізді. 4 сыныпқа математикадан «Көп таңбалы сандар», өзін- өзі тану пәнінен  «Жаныңда жүр жақсы адам»   тақырыбындағы үлгілі сабақтары интерактивтік тақтамен өткізілді. Әдістемелік кеңесте «Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру», «Оқушылардың  үш өлшемді әдістемелік жүйесі», «Оқушылардың  ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында баяндамалар жасады. Мектепте пәндік  апталықтар, әдістемелік  күндер «Жас мұғалімдер», «Жыл мұғалімі»,  «Жыл сынып жетекшісі» байқауларын жоспарлы өткізіп келеді. Соның нәтижесінде қалалық байқауларда 2012-2013 оқу жылында 4 мұғалім, 2013-2014 оқу жылында -7 мұғалім жүлделі орынға  ие болады.

Қалалық педагогикалық оқуға 4  мұғалім, облыстық пед оқуға 1 мұғалім қатысып, жоғары жетістікке жетті. Қалалық педагогикалық оқуға 5 мұғалім, облыстық пед оқуға 1 мұғалім қатысып, жоғары жетістікке жетті. Қалалық олимпиада, ғылыми жобалар сайысында  оқушылар үнемі жүлделі орынға ие болып келеді. Ұлттық бірыңғай тестіден 2014 ж

14 оқушы қатысып, орта балл 52, 2015 ж. 11 оқушы,орта балл -61. Мектеп оқушыларының ҰБТ дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізіп, сараптама, мониторинг шығарылып  отырады. Халықаралық PIZA-2014 оқушылардың білім  чсапасын бағалау байқауына 19 оқушы қатысты. Оқушылардың білім сапасы 2013  ж.-48%, 2013-2014 ж.-50%, 2014-2015 оқу жылында-52.  2015-2016 оқу жылында оқу сапасы – 54%, ҰБТ-75%7  Шәкірттері  ана тілі  пәнінен қалалық олимпиада  да 4 сынып оқушысы Қалмырза Ляззат 3 орын. «Зерде» оқушылар шығармашылығы сайысында 4 сынып оқушысы Шыныкен Әлібек жүлделі І орынға,5 сынып оқушысы Өмірбай Аяулым республикадан І орынға ие болды. «Ақбота», «Кенгуру-математика» танымдық  байқауларға қатысқан оқушылары жақсы  көрсеткіштерге жетіп жүр.

Әдістемелік кабинетті талапқа сай жасақтап  тақырыптық   стенділер, әдістемелік материалдар, бетшелер толықтай жинақталған.

Гүлжан Құмарғалиқызы еңбекқорлығы, ұйымдастырушылық  қабілеті, жаңалыққа жаны құмар, адамгершілік қасиеттері ұзтаздың ұжымда беделі биік екенін көрсетеді.2015 жылы облыстық «Инноватор меңгерушісі-2015, II-орын, «Педагогикалық оқу -2015»  1 орынға ие болды. Оқушыларды оқыту мен тәрбиеленудегі жетістіктері үшін ұлағатты ұстаз бірнеше рет қалалық, облыстық білім ұйымдарының  мақтау  қағазына  ие болды. Шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін.

«Ы.Алтынсарин»  төс белгісінің иегері.