https://atyrau-utemisov.edu.kz/mekteptegitamaqtanu-otimisov.html#sigFreeIdec7e5891d5
https://atyrau-utemisov.edu.kz/mekteptegitamaqtanu-otimisov.html#sigFreeId07ab9707b4
https://atyrau-utemisov.edu.kz/mekteptegitamaqtanu-otimisov.html#sigFreeId032ac7e8f8
Балалардың тамақтандыруын ұйымдастыру
-Мемлекеттік қызмет бойынша
2021-2022 оқу жылында мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастыру туралы. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан оқушыларға әлеуметтік жағынан қолдау және қорғау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедігі Заңының 4- бабының 21 тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілері 5 санатқа бөлінеді.
Олар:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар.
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар.
- жетім балаларға, ата- анасының қамқорлығынсыз қалып,отбасыларда тұратын балалар.
- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар.
- білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын көмекке мұқтаж балалар.
2021-2022 оқу жылында мектепте жоғарыда аталған 5 санатқа жататын оқушылардың саны: 46
Оның ішінде 1-ші санатқа жататын оқушы - 4
2-ші санатқа жататын оқушылар - 41
3- ші санатқа жататын оқушылар - 1
4-ші санатқа жататын оқушылар - 0
5- ші санатқа жататын оқушылар саны - 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан оқушыларға әлеуметтік жағынан қолдау және қорғау» қағидаларына сәйкес осы бесінші санатқа жататын білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың жұмсалуын білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын және білім беру ұйымында құрылған алқалы басқару органдарымен келісім бойынша қабылданатын білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі. Сондықтан да осы қағидаға сүйене отырып мектепішілік тегін тамақпен қамтуға 46 оқушы ұсынылды.
Бастауыш сынып оқушылары: 465 (23 аз қамтылған оқушылар)
5-11 сынып оқушылары: 23
Барлығы: 488
-Тегін тамақтану қызметін алушыларға өтініш беру тәртібін түсіндіру жұмыстары
Өтініш үлгісі
Жалпы білім беретін М.Өтемісов
атындағы орта мектеп директорының
у.м.а. Г.К.Кайыржанова____________
ата-ана__________________________
жеке сәйкестендіру нөмері
________________________________
Өтініш
Менің кәмелетке толмаған Т.А.Ә. ____________________________________
туған күні___________ жеке сәйкестендіру нөмері ______________________ «Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектеп» КММ
_______ сыныбында оқитын баламды 2021-2022 оқу жылында тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне қосуыңызды сұраймын.
«_____»________жыл
Қолы: _______________
Жаңа оқу жылында тамақтандыруды ұйымдастырушылар (қызмет көрсетушілер) туралы мәліметтерді
ИП «Сельбаева»
Директоры: Сельбаева Ш.Т.
Қызметкерлер саны :3
- Әубәкірова Альбина
- Доштаева Бақтыгүл
- Жұмағалиева Мархаба
Вакцина алғандар: 3
Салауатты тамақтандыру бойынша ақпарат, фотосуреттер орналастыру
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ДҰРЫС ТАМАҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
ТАМАҚТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ БЕС НЕГІЗІ:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ
Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.
- Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
- Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
- Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диоьологтың да кеңесі артық болмай
ТАМАҚТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Аштық – «табиғаттың дауысы», немесе, асқазан тамақ қажет етеді деген ұғымі. Бұл қағида тамақ ішетін уақыттың келгендігін білдіреді. Ертеректе тамақ ішетін кесікті бір кесте, уақыт жоқ – тын. Адамда тамаққа деген тәбет пайда болғанда ол өзінде ауыз бен өңешінің барын сезінеді. Ал, асқазандағы бұлшық еттердің жұмылуы аштық пен тәбеттің ашылғанынан хабар береді.
Тәбет дегеніміз – аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс. Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5сағаттанаспасын.
Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте үзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады.
Таңертеңгіліқ ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгіліқ аспен бірдей болып ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады.
Кейде үйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы. Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн.
Дұрыс құрастырылған тамақтану рационының құрамында сұйықтың жеткілікті көлемі болады. Дегенменде денеге елеулі ауырлық түскенде, жорық күндері ,жазда сүйық-сусынның қажеттілігі артады , өйткені тер бөлінуі күшейеді де, ағзаның сұйықты қажет етуі көбейеді.
Шөлді қайнаған су, шәй ішіп басу керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге де сусындарды шектелген көлемде қабылдау керек.
Ет немесе балық, сүт, жеміс- жидектер, нан секілді тағамдар күн сайынғы ас мәзіріне, ал өзге – қаймақ, жұмыртқа, сүзбені күнде емес етіп ас мәзіріне қосу керек , бірақ бұлардың бәрі де апталық рационда болуы керек.
https://atyrau-utemisov.edu.kz/mekteptegitamaqtanu-otimisov.html#sigFreeIdccacea93b4
Атырау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылындағы 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларының ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет.
https://atyrau-utemisov.edu.kz/mekteptegitamaqtanu-otimisov.html#sigFreeIde5adc8bb06
№ | Аты | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Хаттама 2020 | |
2 | Тамақтану келісім 2019 ж 159 | |
3 | Тамақтану келісім 2019 ж 163 |