16 Қырқ 2020
Жаңалықтар

«Ұл тәрбиесі – ұлт рухы» тақырыбында ұл балалар арасында семинар өткізілді

 Атырау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін М.Өтемісов  атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірғалиева Нұргүл Айтжанқызының ұйымдастыруымен  2018 жылдың 10 қаңтар күні «Ұл тәрбиесі – ұлт рухы»  тақырыбында  ұл балалар  арасында семинар өткізілді. Қалақ елінің рухани  жаңғыру  жолында ұл балаларға  тәрбие берудің  жүйесін айқындай отырып, белсенді іс-әркеттерге дайын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы  жауапкершілігін түсінетін, ұлтының болашағы үшін күресе алатын ұл бала тұлғасын қалыптастыру мақсатында оқушыларға «Ұл тәрбиесі» атты видеоролик көрсетіліп, оқушылардың пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар,  ардагер ұстаз Шалхарова Жайлан Сатыбалдықызы  өзі тәрбиелеген талай ұрпақтың  қазіргі уақытта ел мүддесі үшін адал қызмет етіп жүргендігін үлгі  етіп, еліміздің болашағы, ертеңі,  жастардың қолында екендігін атты.  Сондай-ақ, «Жас буын» ұлдар ұйымының төрағасы Досанов Мереке Бақтыгерейұлы оқушыларға ақыл-кеңес берсе, мектеп инспекторы  Баянкулов Райымбек оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет берді. Семинар барысында мектеп медбикесі  Избасарова Бақтыгүл  зиянды әдеттердің адам денсаулығына  әсері туралы баяндама жасап, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Шара соңында мектеп психологі НұрхановаГүлжан Темірханқызы ұл балаларға психологиялық жаттығу орындатты. Осынау тәрбиелік мәні зор шара өте жоғары деңгейде өткізілді.