16 Қырқ 2020
Жаңалықтар

Құрметі ұстаздар және білім беру саласының ардагерлері!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер Елбасының алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында баға жетпес үлес қосып келесіздер. Сіздердің жүректеріңізде балаларға деген үлкен сүйіспеншілік, тәлім-тәрбие, білім беруге деген ұмтылыс бар.
Ұстаз – әлемдегі ең мәртебелі мамандық. Бүгінде мұғалімдер күні шын мәнінде жалпыxалықтық мерекеге айналып отыр. Заман талабына сай мұғалім мамандығы барынша жауапкершілікті талап етеді, өйткені бүгінгі күннің оқушысын дербес ойлау, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету қажет.
Құрметі ұстаздар және білім беру саласының ардагерлері! Үлкен жауапкершілік пен сабырлықты талап ететін еңбектеріңізге алғыс білдіремін! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, баянды бақыт және шығармашылық табыс тілеймін!
Құрметпен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

Ерлан САҒАДИЕВ