Бүгін 2017 жылдың 21 желтоқсанында Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Коллегиясының отырысы өтті. Коллегия жұмысына облыстар және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, аймақтық білім басқармаларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, колледждер басшылары және педагогикалық және ғылыми қауымдастықтың басқа да өкілдері қатысты. Отырысқа барлығы 700-ге жуық адам қатысты.
Күн тәртібінде 4 сұрақ қарастырылды және талқыланды:
– Жаңартылған білім мазмұнына көшу туралы;
– «Экономика қажеттіліктерін есепке ала отырып, кадрлар дайындау және қайта дайындауды жаңғырту 3.0» жобасын жүзеге асыру барысы туралы;
– Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Коллегиясының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.